ҰҚК-нің экс-төрағасына қатысты екінші үкім шықты

02.02.2018 14:33

Нартай Дүтбаевқа екінші үкім шықты. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы  ішінара біріктіру жолымен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Дүтбаевтың заңсыз жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Алайда, ол амнистия есебінен жазаның тек 5 жылын темір торда өткізеді. Еске салайық, Экс-басшы Дүтбаевқа билікті асыра пайдалану, қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыру сынды бірнеше бап бойынша айыптар тағылған.