«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында салтанатты жиын өтті

«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында салтанатты жиын өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай Алматы қалалық филиалында салтанатты жиын өтті. Бүгінде бас партияның құрылымында бір миллионнан астам мүше болса, Алматы қалалық филиалындағы 731 бастаушы ұйымда 85 мыңға жуық адам бар. 2016 жылы Республикалық Желілік кестеге сәйкес  қалалық филиал 3200 іс - шара өткізген.

Фракция мүшелерінің қолдауымен тұрмысы төмен отбасылары үшін 10 млн теңгенің қайырымдылық  көмегі көрсетіліпті. Дәстүр бойынша Партия күні қарсаңында жаңадан мүшелер қабылданып ,«Нұр Отан» партиясының 18 жылдығына орай алғыс хаттар табысталып, құттықтаулар айтылды.

«Нұр Отан партиясының мүшесі болып отырмын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Осы елбасымыздың көшбасшы болып отырған партиясына қосылуыма, осы Қазақстан Республикасына өз ерен еңбегімізді төгеміз деп сеңемін», - деді «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі Абылай ҚОНДЫБАЕВ.


Новости партнеров