«Нұр отан» партиясының қалалық филиалында мұражайлардың жай-күйін талқылады

14.12.2017 23:07

Құнды жәдігерлерді қорғау мәселесін тек музейлердің мойнына артып қоюға болмайды. «Нұр отан» партиясының қалалық филиалында «Мирас» қоғамдық кеңесі қазіргі мұражайлардың жай-күйін талқыға салды. Зиялылар еліміздегі теңдессіз экспонаттарды күзетуді мемлекет қорғауы керек деген пікірде. Қазір қалада 30-дан астам мұражай болса, ондағы жәдігерлер жеке меншік күзету компаниялары арқылы қорғалатын көрінеді. «Тәуелсіздік: мың жылдық тарихы бар - Алматы» атты тақырыппен өткен отырыста музей қорларын сақтау камералары да ескіргендігі және оны қайта жабдықтау керектігі айтылды.