Азаматтық авиация комитеті әуе компаниялардың неліктен уақытынан кешігіп ұшатынын түсіндірді

14.12.2017 18:21

Азаматтық авиация комитеті әуе компаниялардың неліктен қысқы мерзімде уақытынан кешігіп ұшатынын түсіндірді. Соңғы 11 айда жүргізілген статистикада ұшақтарды қысқа дайындау басты себеп болып отыр. Әрі, арнайы жолақтар мен қажетті техниканы жөндеу біраз уақыт алатын көрінеді. Мысалға, «Эйр Астана» рейсінің бір сағатқа шегерілуі 10 мың доллар шығынға батырады екен. Бұл өз кезегінде компанияға тиімсіз. Десе де, бастысы қауіпсіздік.

«Біз барлық жағдайды сараладық. Соңғы 11 айда уақытыл ұшу көрсеткіші 87,1 пайызды құрады. Демек, ол өткен жылға қарағанда төмен болып отыр. Өйткені, 2016 жылы ол 90 пайызды құраған болатын», - деді Азаматтық авиация комитеті халықаралық қатынас және авиациялық тасымал басқармасының басшысы Салтанат ТОМПИЕВА.