Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы жұмыс сапарын түйіндеді. Қаперде болса, мемлекет басшысы Наурызбай ауданындағы жаңа әкімшілік ғимарат пен құрылысы биыл аяқталған емхананы аралап көрген еді. Одан бөлек, қаланың жаңа кейіпке енген көшелерімен жүріп өткен.
¤«Алматы қаласында әкімшілік көп жұмыстар жасап жатыр. Алматыны одан әрі көркейтіп, одан әрі жасыл етіп, қаланың ішін абаттап, халықтың демалатын жерлерін ұлғайтып, халыққа тұруға ыңғайлы қала етуге жұмыс істеп жатыр екен. Оның үстіне, екі аудан қосылды. Екі ауданда да іскерлерге жұмыс беру мәселесі бір ізге түскен», - деді ¤Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңғы 5 жылда алматының инфрақұрылымын дамыту үшін 430 млрд теңге бөлінген екен. Қомақты қаражатқа 30 жол айрығы салынып, 330 шақырым инженерлік желі жүргізілген. Метро құрылысы да қарқын алды. Президенттің айтуынша, мұндай толағай істер – қаланың ажарын айшықтай түскен. Бұл – ел экономикасын дамытып, алып шаһарға туристердің ағылуына сеп болмақ.