Елбасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады

21.11.2017 22:05

Жауапкершіліктен ешкім қашып құтыла алмайды. Мұны Елбасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдаған кезде айтты. Агенттік төрағасы  Президентке осы салада соңғы 10 айда атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді. Нақтырақ айтқанда, 3 мың 400 қылмыстық іс әшкереленген. Соның салдарынан 15 млдр теңге шығын анықталып, 11 миллиарды  мемлекетке қайтарылды. Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырып, мемлекет қаражатын тиімді пайдалану керектігін қадап айтты. Сондай-ақ Елбасы өзіне жақын адамдардың «Бармақ басты, көз қыстымен» жеңіл жолмен жауапкершілікпен сытылып кетпеуін қатаң қадағалауын да ескертті.

«Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды қабылдаған кезде кімде-кім сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, ешкімге де жеңілдік жасалмайтынын және жазадан құтылмайтынын ескерткен болатынмын. Соңғы жылдары бұл бағытта көп жұмыс атқарылды», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.