|
24.01.2017 | 10:05
1787

Елбасы Стаффан де Мистурамен кездесті

Елбасы Стаффан де Мистурамен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Сирия бойынша арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездесті. Тараптар Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздер мәселесін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекет басшысы Астананың келіссөздер өткізуге дайын екенін айтып, барлық қатысушылар үшін жағдай жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Ресей, Түркия және Иран Президенттерінің Астанада келіссөздер өткізілуіне барлық жағдай жасалатынын тілге тиек етті. Нұрсұлтан Назарбаев Сирия мәселесі бүгінде Таяу Шығысты ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырғанын атап өтті. 

«Сарапшылардың айтуынша, қақтығыс басталғалы 300 мыңнан астам адам қаза тапқан. Осының бәрі бізді бұл мәселені бейбіт жолмен ғана шешуге үміттенуге жетелейді»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Бұдан бөлек, Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнаулы елшісіне Астанадағы кездесу Женевадағы бейбіт келіссөздерге дайындық барысына елеулі ықпал ететінін айтты. Ал, Стаффан де Мистура Нұрсұлтан Назарбаевқа Астанада келіссөздер өткізуге мүмкіндік бергені үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериштің атынан алғыс білдірді.

«Сіздің еліңіз халықаралық аренадағы ең күрделі түйткілдерді реттеу ісінде зор тәжірибесін көрсетіп, үлгі болып келеді. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі Сирия қақтығысын шешудегі қосымша мүмкіндік болып саналады»,- деді БҰҰ бас хатшысының сирия бойынша арнаулы елшісі, Стаффан ДЕ МИСТУРА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир