|
04.09.2018 | 18:39
3416

Елбасы Алматы қаласының қайта жөнделген көшелерін аралап көрді

Елбасы Алматы қаласының қайта жөнделген көшелерін аралап көрді

Алматыға жұмыс сапарымен келген Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалада жөндеу көрген көшелерді аралап көрді. Елбасы әуелі жүргіншілер мен велосипедшілердің ыңғайы үшін қайта жасақталған Абай және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарына барды.

Қала әкімі Бауыржан Байбек ала жаздай тас жолдарда жасалған өзгерістер жайлы айтып берді әрі шаһардың сәулет-құрылысын жаңа дизайнмен түрлендіру үшін тың пилоттық жоба қолға алынғанын мәлімдеді. Бұл әдіс мегаполистің бірыңғай стилін қалыптастыруға арналған екен.

Нұрсұлтан Назарбаев жалпы ұзындығы 9 шақырымға жуық аралықты қамтитын Тимирязев және Жандосов көшелерінің бойымен тартылған BRT көше-жол желісімен танысты. Сондай-ақ, жерасты өткелдерінің жаңа кейпі де Елбасыға көрсетілді.  

Айта кетсек, бүгінде қалада ұзындығы 500 шақырымнан асатын 524 көше жөнделді. Олардың қатарында Абай, Абылай хан, Достық және Назарбаев даңғылдары бар. Сондай-ақ «Алматы-2» теміржол вокзалы мен Республика сарайының алдындағы алаң да жаңа кейіпке енді. Ал жыл соңына қарай қала көшелеріндегі жарық жүйесінің үштен бірі жаңартылмақ. Жоспарда энергияны үнемдейтін 24 мыңнан астам жарықдиодты шамдар орнату бар.

«Адамдар үшін жайлы қала» жобасына сәйкес, соңғы 2 жыл ішінде қаланың тарихи орталығының 60 пайызы жаңартылды. Тротуарлар мен жасыл аймақтар көбейтіліп, жүргіншілерге жайлы жағдай жасалды.  




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир