|
29.08.2018 | 17:33
4139

Елбасы Астанада «Бейбітшілік қабырғасы» монументін ашты

Елбасы Астанада «Бейбітшілік қабырғасы» монументін ашты

Астанада 29 тамыз - халықаралық ядролық сынақтарға қарсы əрекет күні  «Бейбітшілік қабырғасы» монументі ашылды. Ресми шараға Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Астананың 20-жылдығына орай, Ақтөбе облысының сыйлығы саналатын монумент Тәуелсіздік алаңының көрнекті тұсына, «Қазақ елі» монументіне жақын орналасқан. Оның негізіне Елбасының «Əлем. XXI ғасыр» антиядролық манифесінің идеясы енгізілген.

Айта кетейік, осыдан тура 27 жыл бұрын Президент Жарлығымен Семей ядролық сынақ алаңы жабылған болатын.

«Еліміздің «Атом қаруына қарсы бүкіл елдер көшбасшысы» деген атағы бар. Оны біз ойдағыдай орындап келе жатырмыз. Астанамыз көптеген халықаралық ұйымдар кездесетін, мəселелер шешетін орнына айналды. Бүгін міне, елордада монумент ашылып отыр. Мына монументтің символы – дүниежүзіне, адамзатқа атом қаруына қарсы күресу қажет деп жар салу, келер ұрпаққа ұмытпаңдар деп үлгі қалдыру», – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Қабырға біртұтас біріктіріп әрі қорғап тұратын жапырақ тәріздес. Ол ұлттарды ұйыстырып, оларды бір шаңырақтың астына жинау деген мағынаны білдіреді. Металл мен табиғи тастан тұрғызылған кешен – «Бөлшектеу», «Үміт» және «Бейбітшілік» атты үш бөліктен тұрады. Оның ұзындығы 111  метрді, ені – 18,4, биіктігі – 17,5 метрді құрайды. Монументті тұрғызуға 1200 тонна гранит пайдаланылған. Мемориалда əлемнің 51 тілінде «Бейбітшілік» сөзі қашалған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир