Назарбаев: Парламент пен үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс

Назарбаев: Парламент пен үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкіметтегілер бұдан былай тек қазақша сөйлеуі керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министріне осындай тапсырма берді. Президент Үкімет пен Парламенттегі жиындардың барлығы енді тек қазақ тілінде өту керектігін қадап айтты.

«Халқымыз үшін латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні зор. Сонымен бірге, қазақ тілінің мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Парламент пен Үкіметтің қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ бұл мәселе бойынша азаматтардың құқығын шектеуге болмайды. Олар үшін ілеспе аударма жасау мүмкіндігін қарастырған жөн», - деді  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Сондай-ақ мемлекет басшысы қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселесіне тоқталып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру шараларының маңызды екенін атады. Қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыру кезең-кезеңмен жүзеге асатыны мәлім. Ол үшін тілді үйрету әдістемелерін жетілдіру қажет. Бұдан бөлек, бүгінгі кездесуде отандық телеарналарда көрсетілетін қазақ тіліндегі сериалдардың санын көбейтіп, сапасын жақсарту мәселесі де сөз болды. Өз кезегінде министр Дәурен Абаев  «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жоспары туралы баяндады. 



Новости партнеров