Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Режеп Ердоғанды Түркия Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтад,-деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Сайлау нәтижелері түрік халқының Сіздің ел басшысы лауазымындағы қызметіңізді жоғары бағалап, жүргізіп отырған саяси және экономикалық реформаларыңызға, сондай-ақ дамудың стратегиялық бағыттарына шынайы қолдау білдіргенін көрсетті.
Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара құрмет пен бауырластыққа негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынас екі халықтың мүдделеріне қызмет етіп, болашақта біздің стратегиялық әріптестігіміз сапалы жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін, – делінген жеделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанға зор денсаулық, жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі.