Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар барысында бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралау, сондай-ақ, Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңеске қатысу жоспарланған.