Алматыда коммуналды қызмет өкілдері Құлжа тасжолындағы адам өлімінен соң ағаш кесу жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Негізінде бұл территория Алматы қаласына кіреді. Айналма жолдан бастап Гүлдала ауылына дейін екі шақырым жол біздің балансымызда. Бірақ, іс жүзінде қаланың территориясы. Біз осы уақытқа дейін жолды әлі бере алмай жатырмыз», – деді «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясының өкілдері Алматыда өткен қоғамдық тыңдау барысында.
Егер бұл территория қалаға тиесілі болса, қаланың коммуналдық қызметтері ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарын өз мойындарына алуы керек.
«Бұл ағаштар біздің балансымызда болғандықтан, түгел кесіп тастасақ деген ой болды. Алайда, орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі инспекциясы бізге олай жасауға рұқсат бермей отыр. Осы учаске бойынша қаламен келістік. Олар айналма жолға дейін жолдың бір жағында санитарлық кесуді бастады. Осы бағытта жұмыс жалғасатын болады», – деді баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, төтенше жағдай 26 маусымда болған. Құлжа тас жолымен келе жатқан жеңіл көліктің үстіне ағаш құлап кеткен. Көлік инерциямен жылжып барып келесі ағашқа соғылған. Жол апатының салдарынан жүргізуші мен жолаушы сол жерде көз жұмған еді.