Назарбаевың төрағалығымен құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөніндегі кеңес өтті

10.08.2017 19:52

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевың төрағалығымен Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөніндегі кеңес өтті. Президент «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында заңның үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударып, осы бағытта дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты.  

«Құқық қорғау мәселесі, адамдардың құқығын сақтау. Жұмыс барысында барлық біздің органдар бірігіп жұмыс істеген кезде халықтың наразылығын тудырмайтын заң бойынша жұмыс істеп, тексеру мәселесін жеңілдетіп, бірақ заң шеңберінде жұмыс істеуіміз керек», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Сондай-ақ Ақорда төрінде өткен кеңесте Елбасы қылмыстық қудалау жүйесін жаңғыртудың базалық бағыттарын жетілдіру жөніндегі мәселені де тілге тиек етті. Оның қатарында, қылмыс процесінде азаматтарды қорғау деңгейін арттыру, тергеу жүргізу тәртібін оңтайландыру, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейту, қылмыстық қудалау, прокуратура және сот органдары арасындағы өкілеттіктердің қайталануын болдырмау сынды мәселелер бар. Жиын соңында  Президент жауаптыларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.