|
04.11.2016 | 12:01
4658

Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы - адамзат тарихындағы батыл қадамдардың бірі

Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы - адамзат тарихындағы батыл қадамдардың бірі

Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы - адамзат тарихындағы батыл қадамдардың бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жапондық журналистерге берген сұхбатында осылай,- деді. Президент Кеңес Одағы ыдыраған тұста, қазақ даласында 110-ға жуық балистикалық және құрлық аралық зымырандардың болғанын айтады. Ондай заманауи әскери техникалар мұхиттың арғы бетіндегі елдерді дөп көздеуге қауқарлы еді. Сөйте тұра, тәуелсіз Қазақстан - зұлматты болдырмау мақсатында ядролық қарудан үзілді-кесілді бас тартқан. 


"Ядролық қаруды әлі күнге қолдансақ, көптеген халықаралық қауымдастықпен қазіргідей байланыс болмас еді. Тәуелсіздік алғандағы басты мақсат - Қазақстанды бейбіт әрі дамушы ел ретінде жаһанға таныту еді. Біз сол жолды дұрыс деп шештік. Ядролық қарудан бас тарту арқылы Қазақстан адамзатты азаптан азат еткендей болды",- деді Қазақстан Респуликасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. 
Бұдан бөлек, Елбасы NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз етті. Қазақстанның өңірлік геосаяси үдерістегі рөлі зор. Сондай-ақ, Жапония елімен тығыз қарым-қатынаста.
 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир