3 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында 7 миллиард долларды құрайтын 20 келісімге қол жеткізілді. 4 кран осы уағдаластықтарға сәйкес, еліміз Америкадан Boeing ұшақтарын алады, сонымен қатар Қазақстанда 900 электровоз құрастырылады. Бұдан өзге авиация, фармацевтика, агросектор секілді салаларда да бірлесе жұмыс атқарамыз. Сапар аясында 3 үкіметаралық келісім орнады. Құжатта Қазақстан арқылы коммерциялық теміржол транзитімен қамтамасыз ету, халықаралық Салық кодексін оңтайландыру мәселелері қарастырылған.
Бұл Елбасының осы жылғы алғашқы шетелдік ресми сапары. Дональд Трамптың да биыл Ақ үйде қабылдаған бірінші қонағы. Бірақ бастысы бұл емес. Мемлекет басшыларының дидарласуының өзі - Қазақстан мен Құрама штаттар арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретіні анық. Сандар да салмақты. Кездесу нәтижесінде жалпы құны 7 миллиард доллардан асатын 20 мәмілеге қол жеткізілді. Оның ішінде соңғы үлгідегі ұшақтарды алу, электровоз құрастыру, фармацевтика, агроөнеркәсіп салалары бар. «Құрметті президент мырза, Ақ үйге қош келдіңіз. Сіздің Қазақстан үшін жасап жатқаныңызды ерекше айтуға болады. Және бізге ресми сапармен келіп, екі елдің қарым-қатынасын нығайтып, экономика әлеуетін көтеретін кездесулер өткізгеніңізге алғыс айтамыз. Ширек ғасырда біз Қазақстанды батыл, тәуелсіз, әрі орта Азиядағы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде танимыз»,-деді АҚШ президенті, Дональд ТРАМП. «Құрметті президент мырза! Мен де өз тарапымнан біздің делегацияны ыстық ықыласпен қарсы алғаныңыз үшін алғыс айтамын. Осы ресми іс-сапардың арқасында қазақтандық-америкалық қарым-қатынасты одан әрі дамыту екі елге тиімді болатынына сенімдімін. Сондықтан, біз ресми Астана мен Вашингтонның жаңа кезеңге шығуына ықпал ететін саяси шешімдерді бірігіп қабылдадық. Америка құрама штаттары еліміздің тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған мемлекеттердің бірі»,-деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Елбасының ресми сапары барысында АҚШ-тағы шетелдік инвестициялар корпорациясының президентімен және осы елдің энергетика министрі Рик Перримен кездесті. АҚШ іскерлерімен кездесуінен соң үш үкіметаралық келісім орнады. Нұрсұлтан Назарбаев америкалық кәсіпкерлерді елде жүзеге асырылып жатқан серпінді бағдарламаларға атсалысуға шақырып, инвестиция құюға үндеді. «Қазақстан - бизнес үшін жаңа мүмкіндік жасауда. Инвестициялық климатты жақсартуда, инвесторлардың құқығын қорғауда үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Еліміз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше болды, халықаралық инвестициялар декларациясына қосылды. Шетелдік инвесторлар кеңесі де бар. Жыл сайын олармен кездесіп, туындаған мәселелерді шешіп келеміз. Осы жерден біздің қалай жұмыс істейтінімізді білетін әріптес достарымды көріп отырмын»,-деді Қазақстан Республикасының президенті.
Қазақстан 60-тан аса елге визасыз жүйе енгізген. АҚШ-та сол тізім қатарында. Бұл өз кезегінде инвестициялық тартымдылықты арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Кездесуден соң 3 бірдей үкіметаралық келісім бекіді. Құжатта Қазақстан арқылы коммерциялық теміржол транзитімен қамтамасыз ету, xалықаралық салық кодексін жақсарту және мемлекеттік әуе кемелеріне навигациялық қызмет көрсетуге төлем салмау мәселелері көрсетілген.
Екі ел басшыларының кездесуі туралы сарапшылар мен саясаттанушылар, экономистер түрлі пікір білдіріп, әлемдік деңгейдегі басылымдар жазуда. Американың саяси әлемге шолу жасайтын The Hill газеті өз сайтына «Дональд Трамптың Қазақстан президентімен кездесуі - арада ынтымақтастық орнатудағы маңызды қадам» атты көлемді мақала жарияласа, Washington Post, The Wall Street Journal секілді басылымдарда екі ел басшысының саяси және қауіпсіздік мәселесі бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және сауда мен инвестиция саласындағы әріптестікті тереңдеуге келіскені аталып өтті. The Diplomat басылымы да қос басшының жүздесуі жайында арнайы мақала жариялады. Онда Ауғанстан мен Солтүстік Кореядағы жағдайлардың кеңінен талқыланғаны айтылып, Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесін шешуде Қазақстанның ықпалы жоғары екеніне тоқталған. «Мен Қазақстанның атынан және бұрынғы кеңестік республикалардың, 5 мемлекеттен тұратын Орталық Азияның атынан келіп тұрмын. Бір жағынан Ресей, екінші жағынан Қытай елдері көршіміз. Оңтүстігімізде ислам мемлекеттері. Осы жерде АҚШ-тың 5+1 форматында болғанын қолдаймыз. Президентке осы серіктестікті дамытуды ұсынамын»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еліміз өз уақытында әлемде 4-ші орын алатын ядролық арсеналынан бас тартып, Семейдегі полигонды жапқан. Өзге мемлекеттерге осылай жаса деуге Қазақстанның моральдік құқы бар деп есептейді мемлекет басшысы. Иранмен келіссөздер жүргізілді. Қазір Солтүстік Кореямен тиісті шаралар атқарылуда. Өз сөзінде Елбасы бұл проблеманы АҚШ, Қытай және Ресеймен бірігіп шешуге болатынына сенімді екенін жеткізді. Осы орайда, соңғы кезде АҚШ пен Ресей Федерациясының арасындағы қарым-қатынасқа алаңдайтынын айтты Нұрсұлтан Назарбаев.
Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан мен құрама штаттардың байланысы кеше орнаған жоқ. Еліміздің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған Америкаға Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы барып, алпауыт мемлекетке серіктестік ұсынған еді. Бұл жолғы сапар да әріптестіктің жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі. Кездесу барысында Елбасы Дональд Трампқа алғысын айтып, Ақ үй басшысын Ақордаға шақырды. Айта кетейін, Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары тағы бір күнге жалғасады. Азамат Әуезхан, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін