|
04.07.2018 | 22:05
4226

Астананың 20 жылдығына орай Елбасы мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты

Астананың 20 жылдығына орай Елбасы мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты

Астанада Елбасы Елорданың 20 жылдық мерейтойы алдында Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, дәстүрлі түрде қала күні мерекесін бастап берді. Шараға жиналғандар алдында Президент құттықтауында жеткізді.

Көк туды көтеру - Астана күні қарсаңында өтетін міндетті, әрі мазмұнды рәсім. Нұрсұлтан Назарбаев осы жолы да шырайлы шаһардың сол жағалауында орналасқан «Атамекен» этномемориалында биік тұғырлы байрақты желбіретіп, думанды бастап берді.

Салмағы 100 келі болатын рәмізді желбіреткен соң, президент Астана жұрты мен қонақтарын 20 жылдық мерейтоймен құттықтады. Тарихта бұл жас қас-қағым сәті болғанымен, бас қаламыз әлемдік аренада өзін дұрыстап таныта білді деп қорытындылады.

«Жиырма жыл деген тарих үшін бір ғана қас-қағым мезгіл. Бүкіл үлкен дүниеде екі ғасырдың тоғысында иен далада Астана орнатқан жалғыз ел ол - Қазақстан. Сол жиырма жылдың ішінде бүкіл Қазақстанымызды паш еткен, неше түрлі дүниежүзілік жиналыстарды өткізетін жер болған, құрметтейтін, өзіміздің қуанышымыз болып саналатын Астанамызға міне, жиырма жыл. Осы жылдың ішінде істеген шараларымыздың барлығы біздің желбіреген көк туымыздың астында өтіп жатыр. Қазақстан, Тәуелсіздік, Астана - үш ұғым бірдей»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Дәл осы жерде мемлекет басшысы елдің жоғары әскери оқу орындарының 12 түлегіне офицерлік шен тапсырды. Болашақта ел күзетінде болатындарға Нұрсұлтан Назарбаев артылған үміт зо,-деді.

«Менің ойымша, осы оқу орындарын тәмамдаған үздік жастарға офицерлік шенді тапсыра отырып, барлық әскери жоғары оқу орындарын аяқтаған жастарымызды шын жүрегімнен құттықтаймын. Бұл жас офицерлерге көп үміт артамыз. Отанымыздың тыныштығы, еліміздің шекарасының беріктігі, еліміздің тұтастығы Қарулы Күштердің қолында. Барлықтарыңызға сәттілік пен мықты денсаулық тілеймін»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент қолынан офицер шенін алған 12 түлектің арасында жалғыз қызбала - Жазира Ибрахим. Небәрі 21 жастағы әскери маман өз таңдауына ешқашан өкінген емес. Су жаңа офицер атанған Жазира Қарағандыдағы Ішкі істер академиясын тәмамдасада, өз мансабын туған жері, енді ғана құрылған Түркістан облысында бастамақ ниетте.

«Мен үшін бүгін естен кетпес қуаншты күндердің бірі. Себебі Елбасымыздың қолынан арнайы шен алу ол көптеген курсанттардың арманы деп есептеймін. Қызбала болсам да, мамандығымның ауырлығына қарамастан, өз еліме, жеріме адал қызмет етіп, мемлекеттіміздің өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді»,-деді ҚР Ішкі Істер министрлігі Қарағанды академиясының түлегі Жазира ИБРАХИМ.

Шенді болғандар қатарында Алматыдағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының түлегі де көрінді.

«Бұл мен үшін өте қуанышты. Ата-анама, ұстаздарыма, әскери инситтутыма, бәріне рақмет айтамын. Болашақта ҚР ҚК офицерлік құрамда қызмететуге дайынмын. Жас сарбаздарға бар білгенімді дарытуға, отанды қорғау жолында тайсалмай еңбек етуге әзірмін»,-деді ҚР Қорғаныс министрлігі құрлық әскерлерінің әскери институтының түлегі Алмас КӨШЕРБАЕВ.

Ресми түрде басталған мерекелік шаралардың ең үлкені 6-шы шілдеге жоспарланған. Жалпылай алғанда, Астананың 20 жасын тойлау барысында 61 мерекелік шара өтеді. Түрлі ойын-сауық бағдарламалары Астананың әр нүктесінде ұйымдастырылады.  

Нұржан Садырбай, "Алматы" телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир