|
08.11.2016 | 11:12
3500

Елбасы Токиодан тікелей көпір арқылы «Tokyo Rope Almaty» зауытын іске қосты

Елбасы Токиодан тікелей көпір арқылы «Tokyo Rope Almaty» зауытын іске қосты
Төтенше жағдайдың салдарынан сақтанудағы үздік технология. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Токиодан тікелей көпір арқылы «Tokyo Rope Almaty» зауытын іске қосты. Әлемдегі бірегей кәсіпорын 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтиды. Зауыттың ТМД елдері бойынша теңдесі жоқ.  Яғни, зауытта габиондық жүйеге арналған аса берік темір тор мен болат арқандар өндіріледі. Кәсіпорынның ашылу салтанаты аясында екіжақты меморандумға қол қойылды.


Жапонияда іс сапармен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы әкімі Бауыржан Байбекпен теле көпір арқылы тілдесті. Әкім қаланың экономикалық дамуы жайында есеп берді. Алатау ауданындағы индустриалды аймақ бойынша жалпы құны 175 млрд. теңге инвестицияға 80 жоба іске асырылуда. Ол 11 мың адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Бүгінге дейін 20 кәсіпорын ашылды. Қала әкімі Елбасы саясатының арқасында әлем қалаларымен терезесі теңескенін атап өтті.


"Сіздің реформаңыздың арқасында ...
Биылғы жылы мегаполиске 10 трансұлттық компания тартылды. Ашылғалы отырған "Tokyo Rope Almaty" зауыты Жапониядан тыс орналасқан әлемде баламасы жоқ габион жасаушы жалғыз кәсіпорын",- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

 
Бұл өзен аңғарлары мен жылғаларға жамалатын темір тор өндіретін зауыт. "Tokyo Rope Almaty" деп аталатын кәсіпорынның құрылтайшысы Жапонияның "Tokyo Rope MFG" холдингі. Зауытты қосуға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тікелей теле көпір арқылы рұқсат  берді.

Әлемдегі ең үлкен 20 көпірдің он екісін салуда дәл осы компанияның өнімі қолданылған. 130 жылдық тарихы бар компания Алматыда өз зауытын ашуды әлдеқашан жоспарлапты. Нәтижесінде, әлемдегі сапасы жоғары темір тор шығаратын екінші зауыт Алматыда ғана жұмыс істейді. Мұндай кәсіпорынның біреуі Токио қаласында орналасқан.

"Дәл осы зауытта өндірілген темір тор мен габиондар Алматы қаласы және Қазақстан Республикасы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді,- деп ойлаймын. Біздің өніміміз алматылық тұрғындардың техногенді қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ете алады. Екі ел арасындағы экономикалық байланыс әрі қарай дами түседі. Біз де болашақтағы жаңа технологиялар мен тәжірибелемізбен бөлісіп отыруға дайынбыз",- "TOKYO ROPE MFG.CO.LTD" басқарма төрағасы, Шигетто ТАНАКА.

 
Жоба 2016-2020 жылдары жүзеге асырылмақ. Зауыт аймағы 5 гектарды құрайды. Компания толық қуатына көшкеннен кейін жылына 50 млн. доллардың  5 мың тонна металл бұйымдарын, 7 мың тонна болат арқандарын шығаруға қауқарлы. Өнімдерін Орталық Азия, ТМД елдеріне, Сауд Арабиясына, Пәкістан, Иран, Ауғанстан, Моңғолия, Үндістан мемлекеттеріне экспорттайтын болады. Сонымен қатар, Алматы әкімдігі Tokyo Rope компаниясы мен қалада Жапонияның іскерлік клубын ашу және индустриалдық кластер құру туралы меморандумға қол қойды.

Аршын Кемелжан, Ялкунжан Әшімжанов, "Алматы" телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир