Алматылық өрт сөндірушілердің қызыл жалын тұтанған нүктеге жету уақыты жиілей түспек. Ол үшін төтеншеліктер қос дөңгелекті өрт сөндіру көліктерін сатып алған. Жаңа техникаларды Алматы әкімі көріп, оңды бағасын берді. Әзірге тәжірибеден өткізу үшін төрт мотоцикл алыныпты. Қос дөңгелекті тұлпарлардың бір артықшылығы өрт болған жерге кептелісте тұрып қалмайды. Жоба жемісті болса, қос дөңгелектілердің саны артпақ.
«Өрт болған жерге жылдам жету үшін өрт сөндіруге арналған орталық саудан басқа да жолдары бар. Мысалы, мотоциклдар. Олар кептелік кезінде де жылдам қыймылдай алады. Сонымен қатар, ауқымы кіші жалындарды өшіруге қабілетті. Болмаса негізгі күш келгенше жалынның ауқымын алқымдай алады», - деді Алматы қаласы ТЖД бастығы Серік ӘУБӘКІРОВ.