|
02.11.2017 | 17:15
1218

Нью-Йорк қаласында жүк көлігімен жүргіншілерді жаншып өткен күдікті ұсталды

Нью-Йорк қаласында жүк көлігімен жүргіншілерді жаншып өткен күдікті ұсталды
Нью-Йорк қаласында жүк көлігі жүргіншілерді жаншып өтті. Нәтижесінде, 7 адам қаза тауып, он бес адам жапа шекті. Мәлімет бойынша, жүк көлігі Манхэттен ауданының Оңтүстік - Батыс бөлігіндегі велосипедшілер жолына шығып кетіп, бірнеше көшемен жүріп өткен. Нью-Йорк әкімшілігі мұны теракт деп бағалады. 
Көп ұзамай, мысық тілеулі күдікті ұсталды. Алдын-ала дерек бойынша, лаңкестік әрекетті Өзбекстан тумасы жасаған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 29 жастағы Сайфулло Саипов АҚШ-қа 2010 жылы, "грин кард" бойынша келген. Ол арам пиғылын іске асырмас бұрын көлігінде жазба қалдырыпты. Онда лаңкестік әрекетті әлемнің көптеген елінде оның ішінде Қазақстанда да тыйым салынған ДАИШ ұйымының атынан орындайтынын жазса керек. Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Ал еліміздің сыртқы істер министрлігі Нью-Йорктегі оқиғадан қаза тапқандар мен жапа шеккендер арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир