|
14.12.2017 | 17:31
3803

Бостандық ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бірнеше жобалар жүзеге асқан

Бостандық ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бірнеше жобалар жүзеге асқан

Бостандық ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында оннан астам жоба жүзеге асқан. Бұл туралы аудан әкімі Бекқали Торғаев мәлімдеді. Ол, сондай-ақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы баяндады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында «Жас өркен» фестивалі де ұйымдастырылған. Айта кету керек, биылғы жылы ауданда 14 жаңа балалар және спорт алаңдары ашылған. "Бұл бастама алдағы уақытта жалғасын тауып, бағдарлама аясында өзге де шаралар іске асырылатын болады»-деді аудан әкімі.

«Биылғы жылы біздің өткізген іс-шараларымыз ішінде біз 50 астам осы өзіміздің жастармен, өзіміздің аудан тұрғындарымен рухани жаңғыру бойынша біздің құрылған топтар солармен кездесу жайында оның негізін түсіндіріп беру. Сол Рухани жаңғыруға қалай қай жағына көңіл бөлу керек. Оның негізінде не жатыр деген мәселелеге келер болсақ, сол жағына ең бірінші көніл бөлдік»,-деді Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі, Бекқали ТОРҒАЕВ. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир