Оралда білім беру ісіне қатысты дау туды: бүлдіршіндер енді 5 жастан бастап мектепке барады

Оралда білім беру ісіне қатысты дау туды: бүлдіршіндер енді 5 жастан бастап мектепке барады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді 5 жасқа толмай жатып, балалар бөбекжайлармен қоштасатын болады. Бұл білім министрлігінің қаулысымен енгізіліп отырған өзгеріс. Алайда ата-аналар балаларын ерте жастан мектепке беруге наразылық білдіруде. Себебі бұл жаста оқу бағдарламасын алып кету қиынға соғады деген пікірде, – деп хабарлайды tdk42.kz.  

Березка балабақшасы жанына жиылған ата-аналар балаларын 5 жастан бастап мектьепке беруге келіспейтіндерін айтады. Қолдарына білім бөлімінен келіп жеткен хабарламаны ұстап, бұл жаста бүлдіршіндер мектеп бағдарламасын алып кетуге дайын емесдегенді алға тартады.

«Біз балаларымызды 5 жастан бастап мектепке бергіміз келмейді», – дейді қала тұрғыны Ирина Заварзина.

Ата-аналардың кейбірі жаңа өзгеріс өздеріне қолайсыздық туғызғанын айтады.

Білім бөлімінің мамандары барлық өзгерістер заң жүзінде іске асқалы жатырғанын мәлімдеді. Оған сай 6 жастан бастап бала бірінші сыныпқа қабылдануы тиіс.

Тағы бір өзгеріс жаңа оқу жылында биылғы жыл соңына дейін 6 жасқа толатын барлық балалар бірінші сыныпқа қабылданады. Ал бұрын тек туған күндері қыркүйек айынан кейінгі балалар қалыс қалып келген болатын. Ата-аналарға жаңашылдықтарға қатысты түсіндіру жұмыстары жалғаспақ.


Новости партнеров