«Ашық Алматы»: әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты сауалдарға жауап береді

«Ашық Алматы»: әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты сауалдарға жауап береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан-былай әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы алматылықтарды мазалаған сан сауалға қалалық әкімдіктің Қоғамдық қабылдау бөлімі мамандары жауап береді.

Мамандар «Ашық Алматы» мекемесінде әр бейсенбі сайын қабылдайды.

«Бізге келген азаматтардың көбі медициналық сақтандыру бойынша төленетін жарнаның көлемі, аударылған қаражаттың қайда сақталатыны, оны қайтарып алуға болатыны туралы сауалдармен жүгінеді. Бұдан бөлек, біздің ұйым емханаларға тіркелу мәселесін, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жұмыс істейтін мекемелер бойынша тұрғындарға кеңес береміз», –  деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша бөлімшесінің бөлім жетекшісі Әйгерім СҮЙІНБАЕВА.

Қазір жұмыс берушілер ғана жаңа жүйеге айлық табысының 1 жарым пайызын жарна ретінде төлеп отыр. Өткен жылдың 1-ші шілдесінен бері Алматы қаласы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 17 миллиард теңгеден астам жарна түскен. Бұл республика бойынша қорға құйылған жалпы қаржының 20 пайызы.  Ал 2020-шы жылдан бастап барлық топтағы азаматтар айлық табыстарының белгілі бір мөлшерін жарна ретінде құйып отырулары шарт.

Новости партнеров