Ольга Малышева Алматыдағы актерлік шеберлік мектептер тізімін ұсынады

Ольга Малышева Алматыдағы актерлік шеберлік мектептер тізімін ұсынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осы уақытқа дейін Алматыда «Образ» деп аталатын бір ғана жеке шеберлік мектеп болған. Бұл студиядан мегаполисіміздің жас театр труппалары түлеп шықты. Қазіргі таңда олардың басым бөлігі білім алатын жеке алаңдарын ашып үлгерген.

Кәсіби актерлік біліміңіз жоқтығына қарамастан, сахнаға шығып көргіңіз келсе не істеу қажет? Актерлер мен режиссерлер білім беретін Алматыдағы ең танымал театр студиялар тізімін сіздердің назарларыңызға ұсынамын.


«Дом Культуры» театр-студия

«Дом Культуры» немесе «Дом Q» шығармашылық шеберханасының негізін 2012 жылы Елена Набокова, Елена Тайматова және Дмитрием Дягилев қалаған. Олар өз істерін бастау мақсатында ARTиШОК театр труппасынан шығып кеткен.  Содан бері студия бірнеше локацияны ауыстырып, қалалық іс-шаралардың тұрақты қатысушысы ретінде орнықты. 2016 жылдан бастап «Дом Культуры» театр-студиясының тұрақты репертуары пайда болды. Ол бір ғана спектакльден - «Причины жить» (режиссер Виктор Немченко, рөлдерде Елена Тайматова, Елена Набокова, Елена Вовнова, Наташа Дубс) тұрады.

«Дом Культуры» шеберханасында «Тело как доказательство» (шеберлер – Валентина Попова, Елена Набокова), «Техника речи» (шебер – Людмила Тимошенко) және Елены Набокованың актерлік шеберліктен авторлық курсын өтуге болады.

Байланыс:

Фурманов көшесі, 119

+7 (727) 327 1997

etodomkultury@gmail.com



«Свой» театр

«Свой» театрын актер және режиссер Дмитрий Дягилев «Дома Культуры» шеберханасынан кеткеннен кейін ашты. Театр тобының құрамында «Зазеркалья» театрының бұрынғы актерлері, сондай-ақ «Дома Культуры» актерлік курсының алғашқы түлектері бар.

2015 жылдан бері «Своего» театрының алаңы бар. Ол  қаланың шығысында орналасқан. Олар бұл жерге түрлі іс-шараларға қонақтарды шақырады. Театрдың тұрақты репертуары әлі жоқ.

«Свой» театры үш сатыдан тұратын актерлік шеберлік курсын ұсынады. Әр саты 3 айлық оқудан құралған. Үшінші саты түлектері қорытынды спектакль әзірлеп, театр сахнасында көрсетеді. Курс шебері -  Дмитрий Дягилев.


Байланыс:

Многоводная көшесі,7

+7 (707) 838 4769

svoyteatr@gmail.com



«Бункер» Арт-баспана

«Бункер» Арт-баспанасын жұмысын тоқтатқан diWel актерлік студия түлектері ашты. Олар студенттердің жаңа буынын оқытумен айналысады. Сондай-ақ «Бункер» репертуарлық театр ретінде жұмыс істейді. Афишада топтың және шақырылған труппалардың көмегімен қойылатын бірнеше спектакль бар.

«Бункердің» актерлік шеберлігі үш айға созылады. Оқу аяқталарда түлектер қорытынды перфоманс қойып, сертификатқа ие болады. Сонымен қатар, кейбіреулері театрға актер ретінде қалуға ұсыныс алады.

Курстың ұстаздар – «Бункер» арт-баспана директорі және актері Ксения Кутелева, «Бункердің» актрисасы Әсел Жақсыбаева, режиссер, Лермонтов атындағы театрдың актері  Илья Бобков, режиссер Азамат Абдильдинов.

Байланыс:

Досмухамедов көшесі, 78а

+7‒705‒999‒04‒68

http://bunker.kz/



«Кино-театр» мектеп студия

Актриса және ARTиШОКа театрының негізін қалаушылардың бірі Вероника Насальская және кинорежиссер Әмір Қарақұлов екі жыл бұрын «Кино-театр» мектебінің құрған. Өзге тәуелсіз театрлар іспеттес ARTиШОК-та актерлік шеберлік курсы жоқ. «Кино-театр» - Насальскаядан білім алудың жалғыз жолы.

«Кино-театр» Әмір Қарақұловтың режиссерлік лабораториясына, Ирэн Аравинаның вокалдық курсына, Вероника Насальскаяның «Ораторское мастерство» атты тренингіне, сондай-ақ осы үш шебер қатар сабақ беретін екі айлық актерлік курсқа студенттерді жинауда.


Байланыс:

+ 7 707 982 40 76

WhatsApp +7 701 982 40 76



«Игра» шығармашылық шеберханасы

«Игра» - балаларға арналған актерлік шеберлік және би курстары. Шеберхананың көркемдік жетекшісі – Лермонтов атындағы театрдың актері Рауф Хабибуллин. Курс мұғалімдерінің жұмысының нәтижесін «Игры» түлектерінің бірінші спектакльдерінен  -  «Тук-тук! Кто там?» мюзиклінен аңғаруға болады. Өткен жылдың соңында көрермендердің назарына ұсынылған спектакльге 5 пен 10 жас аралығындағы жас әртістер қатысты.

«Игра» екі бағыт бойынша адамдарды жинайды. «Дети на сцене» - 6-11 жас аралығындағы балаларға арналған жарты жылдық курс. Оқу соңында олар мюзикл қояды. Ал «Актер в кино» курсы  үш түрлі  жастан құралған топтардан тұрады (балалар, жасөспірімдер, ересек адамдар), оқу соңында түлектер қысқаметражды фильмде ойнайды.


Байланыс:

Сәтпаев көшесі, 16-18, 18а, Туран колледжі, 103 аудитория

+77052771221

+7 707 221 98 91

igra.acter@gmail.com



Текст: Ольга Малышева, театр сыншысы

Аударған: Меруерт Сағымхан

Фото: pixabay.com

Новости партнеров