Павлодарда жер астынан кезекті субұрқағы пайда болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодарда Астана және Лермонтов көшелерінің қиылысында тағы бір жерасты субұрқағы атқылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
ТҰКШ бөліміндегілер оқиғаның қала аумағында өткізіліп жатқан гидравликалық сынақ салдарынан болғанын айтты.
«13 және 17 тамыз аралығында ТЭЦ – 3-ке қарасты солтүстік жүйелік ауданында өткізіліп жатқан гидравликалық сынаққа байланысты аталған көшелердің қиылысында жер астынан су атқылай бастаған. Апат салдарын жою үшін қазір құтқарушы бригада жұмыс жасап жатыр. Зардап шеккендер жоқ», – деді бөлімнің маманы Темір Қасқабаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда төрт рет жер астынан су атылған. Соңғысы 8 тамыз күні Шөкин көшесі, 31 үй мекенжайында орын алған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10