|
25.12.2017 | 17:10
2016

Оғыз Доған «Эйр Астана» компаниясынан 1 теңге өндіріп алды

Оғыз Доған «Эйр Астана» компаниясынан 1 теңге өндіріп алды

Бірнеше айға созылған дау шешімі, міне осындай болды. Төреші қазақ тілінде қызмет ала алмаған жолаушынының талабы дұрыс екенін шегеледі. Ал сот мұндай ұйғарым шығаруда еліміздің қандай заңдарын негізге алды? Азаматтың әрі тұтынушының құқықтары қалай қорғалуы тиіс? Бұл сұрақтарды біз осы атышулы істің басы-қасында жүрген заңгер Абзал Құспанға қойдық.

«Кез келген Қазақстанның азаматы ол бірінші кезекте, азамат, адам болумен қатар, ол әрі тұтынушы. Жер бетінде жеті миллиард адам болатын болса, жеті миллиард тұтынушы бар деп есептеледі. Бізге мына батыстан келген мақал бар. «Тұтынушы әркез дұрыс» деген. ҚР тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңында  Қазақстанның территориясында, аумағында кез келген қызмет түрін қазақ тілінде талап етуге құқығы бар. Біз осы заңды басшылыққа алдық. Одан кейінгі негізгі профильді заң - ол авиация туралы заңның 56 бабы, 6 тармағында онда бортсеріктердің мынау әуе кемесінің тұтынушыларына қызмет көрсететін бортсеріктер барлығы бірдей мемлекеттік тіл - қазақ тілін еркін меңгеруге міндетті деген. Міне осы заң талаптары бұл жерде басшылыққа алынды. Осы заң талаптарының негізінде сотта Оғыз Доған жеңіске жетті. Бортсеріктердің әрекетін заңсыз деп таныды. Оны мен анық естідім. Одан кейін біз тағы қойып отырған талап - олардың барлығын мемлекеттік тілді міндеттеу туралы. Мүмкін осы бөлігін қанағаттандырусыз қалдырған болар. Себебі ол заңда да бар нәрсе. Заңда бар нәрсені судья қосымша міндеттеуді қажет етпеген шығар. Одан кейін біз моральдық залалды өндірдік. Егер қате естімесе, моральдық залал 1 теңге өндірілді», - деді заңгер Абзал ҚҰСПАН. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир