ОҚО-дағы баланың ісіне қатысты жаңа дерек шықты

ОҚО-дағы баланың ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таяу арада халықаралық сарапшыларды тарту арқылы сараптама жүргізілмек – деп хабарлайды Sputnik.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Абай ауылында жоғары сынып оқушылары зорлады деген 7 жасар бала анасымен бірге Астанадан Алматыға ұшады. Анасы мен ұлы "Аналар үйі" орталықтарының біріне орналастырылмақ.

"Аналар үйі" атқарушы комитетінің төрайымы Анар Рахымбаеваның айтуынша, таяу арада халықаралық мамандарды тарту арқылы сараптама жүргізу жоспарланып отыр. Сараптама бүлдіршіннің зорланған-зорланбағанын анықтайды.

"Барлық әрекет бас прокуратура өкілдерінің қатаң қадағалауында болады. Тергеу мүддесіне байланысты істің анық-қанығын жария ете алмаймын. Аталған жағдайды құқықтық алаңда шешу қажет, жан-жақтан өте көп ақпарат тарап жатыр, барлығынан тынышталып, жағдайды ушықтырмауды сұраймын", — деген Рахымбаева баланың әжесі мен тәтесі де Алматыға жол жүретінін нақтылады.

Рахымбаева дағдарыс орталығының қауіпсіздік қызметінің жұмысы күшейтілгенін атап өтті.

Новости партнеров