Наурызбай ауданының әкімі халықтың алдында есеп берді

Наурызбай ауданының әкімі халықтың алдында есеп берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурызбай ауданында биыл 320 орынға арналған балабақша мен нөмірі 26-шы емхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы аудан әкімі Сайран Сайфеденов халықпен кездесуінде мәлімдеді. Алматының Кенже ауданында былтыр 32 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 33 көшеге жаңадан асфальт төселген. Ал, аудандағы өзекті мәселенің бірі - халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында су тоғандарының құрылысы салынып, ұзындығы 123 шақырым су және 80 шақырым кәріз құбыры жүргізіліпті. Нәтижесінде, 5 мыңнан астам тұрғын үй ауыз сумен қамтылған.

«Оңтүстік және батыс аймақтарды сумен толық қамтамасыз ету қарастырылған. Және осы жылы ауданымызда екі көше толықтай жөндеуден өтеді, ол жерде көріктендіру қарастырылған. Және де сыртқы жарық жүйелерін салу қарастырылып жатыр»,-деді Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі, Сайран САЙФЕДЕНОВ.


Новости партнеров