Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков "Халық банкі" "ҚазКОМ" акциялар пакетін сатып алуы бойынша әлеуетті мәмілесіне байланысты түсінік берді. Ол "заңнаманың талаптарына сәйкес әлеуетті мәмілені іске асыру банктердің депозиторларының, кредиторларының, өзге де клиенттерінің және қарсы агенттерінің халықаралық міндеттемелерін қоса алғанда, шарттар бойынша құқықтар мен заңды мүдделерін сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады"- деді. Бұл жөнінде Ұлттық банктің баспасөз бөлімі мәлімдеді. "Халық банкінің "Казкоммерцбанк" АҚ-ның акцияларын сатып алу бойынша әлеуетті мәмілені іске асыру үшін - Ұлттық Банктің және Халық банкінің тарапынан ҚазКОМ активтерінің сапасына бірлескен тәуелсіз тексеру жүргізу қажет. Әлеуетті мәміленің сандық өлшемдері алынған ақпаратты жария ашу арқылы тәуелсіз тексеру нәтижелерін алғаннан кейін айқындалатын болады", - деді Смоляков.