Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда өндіруші кәсіпорындар бағасы 8,1%-ға жоғарылады. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 11,5%, өңдеу өнеркәсібінде 4,2%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 8,4%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 5,3%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы дизель отынына - 18,4%, мұнайға - 13,2%, мазутқа - 8%, табиғи газға - 4,3%, металл кендеріне - 3,5%, көмірге 3,4%-ға жоғарылады, бензинге 1,3%-ға төмендеді.
Бағаның ферроқорытпаларға - 15,7%, қара металдар илегіне - 10,1%, алюминийге 8,7%-ға жоғарылауы, олардың мырышқа - 5,2%, қорғасынға 2%-ға төмендеуі тіркелді.