Азаматтарды онлайн-тіркеу қызметі пилоттық режімде іске қосылды

18.01.2017 15:42

Азаматтарды онлайн-тіркеу қызметі пилоттық режімде іске қосылды. Бұл туралы Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дəурен Абаев әлеуметтік желіде хабарлады.

«Достар, министрлік айтқан мерзімнен екі апта бұрын «электрондық үкімет» веб-порталында азаматтарды уақытша тіркеу қызметі пилоттық режімде іске қосылды. Әзірше тестілік жұмыстар жүріп жатқандықтан, тіркеу қызметінде кейбір кідірістер болуы мүмкін. Бұл мәселеге түсіністікпен қарауға шақырамыз», - деді министр.