Павлодар облысының ауылдарында 7 шағын мектеп жабылды

22.08.2018 19:48

Бұл туралы тамыз конференциясында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев мәлім етті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Қазіргі кезде өңіріміздегі орта білім жүйесінің ерекшелігі – шағын мектептердің көп болуы. Оқу жылының соңында 371 мектептің 234-і (63%) шағын болып саналды. Жаз уақытында тұрғын саны аз ауылдарда жеті шағын мектеп жабылды. Оның бесеуі – бастауыш мектеп», – деді спикер.

Әкім орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда шағын мектептердегі бір оқушыға мемлекет 400 мыңнан 3,8 миллион теңгеге дейін шығын жұмсайды.

«Бюджеттік қаражатты тиімсіз жұмсауды доғару мақсатында мектептерді ұлғайту, ресурстық орталықтарды дамыту, мектеп жанындағы интернаттарды ашу бойынша шаралар қолдану қажет. Балаларымыз тұрғылықты мекенжайларына қарамастан заманауи және сапалы білімге қол жеткізулері тиіс», – деді Мейрам Бегентаев.