Орталық Азия елдерінің студенттері мен алматылық жастар бір күнге өздерін дипломат ретінде сезініп, жаһандық мәселелерді шешуде өз ұсыныстарын айтып көрді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерімен арнайы жиын ұйымдастырды. Климаттың өзгеруі, жасыл экономикаға ауысу және қауіпсіздік мәселелерін ортаға салды. 300-ден астам қатысушыны жинаған алқалы басқосуда студенттерге АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулымен және ЮНЕСКО өкілдерімен кездесіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қою мүмкіндігі туды.
«Студенттер жақсы дайындалыпты. Өздеріне Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі бас штаб пәтеріндегі негізгі міндеттерді алған екен. Осы іс-шараның арқасында олар бізге тың идеялар тастауы әбден мүмкін. Өйткені, жастардың ойлау деңгейі қанша дегенмен жаңаша ғой»,- БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі, Властимил САМЕК.