Орталық сайлау комиссиясы Парламент сенатына үміткерлер тізімін жариялады

Орталық сайлау комиссиясы Парламент сенатына үміткерлер тізімін жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі зейнеткер мен жұмыссыздар Сенат депутаты болуға құлықты. Орталық сайлау комиссиясы Парламент сенатына үміткерлер тізімін жариялады. Нәтижеге сәйкес, 28-сәуір мен 28-мамыр аралығында республика бойынша 89 үміткер халық қалаулысы болуға өз кандидатурасын ұсыныпты. Бір сенатордың орнына 5 үміткерден келеді. Биыл Астанада 9 адам өзін ұсынса, төрт үміткер Шығыс Қазақстан облысынан. Ресми мәлімет бойынша, сенаттыққа үміткерлердің орташа жасы 51 жасты құрап отыр. Ең жас кандидат 30 жаста, ал үлкені 68-ді еңсерген. Арасында  инженер де, экономисте, педагог-заңгерлер де бар. 

«Айта кетейік, сайлауға түсуге ниеттілердің арасында қазіргі сенаторлар да бар. Ұсынылған кандидаттардың арасында мәслихаттың 5 депутаты, коммерциялық құрылымдардан 35 қызметкер, мемлекеттік мекемелерден 13 және 23 мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық ұйымдардан 7 өкіл бар. Осы жылдың сәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатын сайлауды 28 маусымда өткізуді айтқан болатын. Ал 31 маусым күні сенаторлардың конституциялық мерзімі аяқталады. Депутаттыққа үміткерлер үгіт насихат жұмысын 8 маусымнан 26 маусымға дейін жүргізеді. Кезекті сайлау жұмыстарына республикалық бюджеттен 92 миллион теңге қарастырылып отыр»,- деді ҚР ОСК төрағасы, Берік ИМАШЕВ.





Новости партнеров