Орталық сайлау комиссиясында 4 Сенат депутатын тіркеу шарасы өтті

17.07.2017 20:47

Орталық сайлау комиссиясында Елбасы тағайындаған 4 Сенат депутатын тіркеу шарасы өтті. Комиссия төрағасы Берік Имашев өз тарапынан Сәуле Айтбаева, Владимир Волковпен Талғат Мұсабаевқа төс белгі мен куәліктерін табыс етті. Белгілі жағдайлармен жаңа сайланған депуттатың біреуі салтанатты шараға келе алмапты. Айта кетейік, Президенттің үкімімен шілденің 13 күні Парламент Сенаты депутаттығына 4 азамат тағайындалған болатын.  

«Мен өз мойныма жүктелген қызметпен айналысатын боламын. Демек, аэроғарыштықсалын өркендетіп, қорғаныс өндірісін дамытып, халықтың  қауіпсіздігін қадағалайтын боламын»,- деді Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты, Талғат МҰСАБАЕВ.