Алматы қаласы әкімінің халық алдында есеп беруі (толық видео нұсқа)

21.02.2017 23:02

Алматыда көлік ағыны азаяды. Шаһар әкімдігі осы жылы қоғамдық көліктерге бөлінген арнайы жолақ санын көбейтпек. Сондай-ақ троллейбус желілерін  ұзартады. Ол үшін қазынадан 5 жарым млрд теңге бөлінгелі жатыр. Бұл туралы қала басшысы Бауыржан Байбек халыққа есеп беру жиынында айтты. Алматылықтар жаппай ағылған отырыста тұрғын үй түйткілі, әлеуметтік нысандардың жайы, жұмыссыздықты жою сынды бұқараны мазалап келген мәселелер көтерілді.

Есеп беру әлеуметтік желілерде тікелей эфирден көрсетілген. Facebook және Periscope арқылы 20 мыңға дейін адам трансляцияны көріп, шамамен 300-ге жуық пікір қалдырған. Жүзге жуық қоңырау түскен.