Қазақстандықтар келер жылдан бастап еңбек кітапшасын қолданбауы мүмкін. Пилоттық жоба алдымен еліміздің бір өңірінде іске асырылмақ. Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап еңбек саласында көрсетілетін бірнеше қызметті электронды форматқа ауыстыру көзделіп отыр. Сандық жүйе еңбекпен қамту саласы мен медициналық-әлеуметтік сараптаманы қамтиды. 2018 жылда қолға алынатын жаңашылдықтар жайын бүгін үкімет отырысында министр тамара дүйсенова мәлімеді.
«Бірыңғай электрондық еңбек биржасы негізінде қызметкерді тіркеу және жасалған келісім-шарттарды қадағалау жүргізіледі. Электрондық форматқа ауысқан еңбек келісім-шарттары қағаз кітапшадан бас тартуға септеседі. Жүйеде азаматтың шартты түрде жұмысқа кірген күні көрсетіледі. Онлайн жүйе арқылы әр азаматтың жеке мәліметі бақылауда болады»,-деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Тамара ДҮЙСЕНОВА.
Тағы бір өзгеріс еңбек биржасына қатысты. Ол да келер жылы жұмыс істейді. Бұл - жұмыспен қамтылған адам санын арттыру үшін қолға алынып отыр - дейді министр. Сонымен қатар, электрондық жүйе мүгедектік тобын анықтауға мүмкіндік бермек.
«Келіп түсетін өтінімдер саны өте көп. Оның басым бөлігі мүгедектік топты дұрыс анықтауға қатысты. Осыған орай, электрондық жүйені іске қосып отырмыз. Ол еgov порталына түседі. Екіншіден, бұл жерде адам тікелей қатыспайды. Ал, арнайы мамандар науқастың жіберген өтінімі арқылы оның мүгедектігін жеке қарастырады»,-деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Тамара ДҮЙСЕНОВА.