Алматыда мүліктерді бағалайтын 3 компания жауапқа тартылды. Медеу аудандық прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде мекемелердің лицензиясы 3 айға уақытша тоқтатылды. Үш бағалау ұйымына салынған айыппұл көлемінің жалпы сомасы 410 мың теңге. Бағалаушылар борышкердің мүлкін нарықтық бағадан тыс сомада өлшеп, үстінен жеке мақсатта пайда көруді жоспарлаған. Тіпті мүліктерді арзанға бағалап, борышкерді өндіруші алдында қарызға қалдырғандары да бар. Қазір дәл осыған ұқсас жағдаймен тағы екі компанияның ісі сотта қаралып жатыр. Жалпы, қала бойынша 200-ден астам бағалау мекемесі қызмет көрсетеді.
«Өндіріп алушының тапсырысы бойынша мүлікке бағалау есебі жүргізілген. Бағалау есебі бойынша 28 млн теңгеге бағалаған жеке үй мен жер уческесін өз кезегінде онымен келіспеген борышкер өзінің басқа бағалауын жүргізіп, басқа бағалаушы үйді жер учаскесімен 54 млн теңгеге бағалаған. Нәтижесінде 26 млн теңге айырмашылық шығып отыр бағалау құнынан»,- деді Алматы қаласы Медеу аудандық прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры, Шыңғыс РСАЛИН.