Астанадағы жалғызбасты әкеге жомарт жандар қол ұшын созып жатыр

Астанадағы жалғызбасты әкеге жомарт жандар қол ұшын созып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанадағы жалғызбасты әке жақын арада жаңа баспанаға көшуді жоспарлап отыр. Көлік жуу орталығында 2 жылдан бері тұрып келе жатқан Исатай Таумашевтің жан айқайы елеусіз қалмады. Жомарт жандар қол ұшын созып жатыр.  Балаларының оқуы біткен соң, олардың болашағы үшін жаңа баспанаға көшуге қам жасамақ. Өз баспанасы болмаса да, жалдап тұруға шамам жетеді деп отыр. Бұған дейін жалғызбасты әкеге елордадағы дағдарыс орталығы өз көмегін ұсынған болатын. Бірақ ол жаққа баруға кейіпкеріміздің ары жібермепті.

Осыған дейін арнамыздан Астана қаласындағы көлік жуу орталықтарының бірінде жұмыс істеп әрі осында тұратын Исатай туралы бейнематериал шыққан болатын. Осыдан кейін арнамызға жағдайға бей-жай қарай алмайтын адамдар хабарласып, көмектесетіндіктерін айтып, тіпті демеушілер де іздестіруде.

Таумашевтар отбасына қол ұшын беріп, қолдан келген көмегін ұсынып жатқан жандардың біреуі осы кісі. Астанадағы қайырымдылық қорының бірі азық-түлік және 30 мың теңге қаражаттарын ала келіпті. Көп емес, бірақ шын көңілден жасалған көмек. Қолдан келгенше жәрдем жасаған олар жақында жалғызбасты әкенің бас мәселесі болған баспана жайын бірге шешуге қамданып жатыр.

«Исатай аға туралы сіздердің арналарыңыздан көріп, білдік. Содан кейін көмектесуге тырыстық. Азын - аулақ тамақ пен ақшалай қаражатымызды беріп, ендігі жатақханадан болсын орын алып беруге қам жасап жатырмыз. Мынандай жағдайда өмір сүру өте қиын әрине, пәтер ақысының жартысын ғана төлейтін қылып, баспана мәселесін шешіп беру үшін демеушілерді іздестіреміз», - деді қайырымдылық қорының өкілі Дина БОРАНБАЕВА.

ай Таумашевтың өзі болса, қолғабыс еткендерге алғыстан басқа айтары жоқ. Ал, жомарт жандар бауыр еті балаларын әр түрлі үйірмелерге беруге мүмкіндік жасамақ тағы. Отағасының жалғыз арманы жалға алса да, басымызға пана болар шатырымыз болса дейді.

«Ендігі менің ойға алған нәрсем, жалға алатын пәтерге қол жеткізсем болғаны. 5-7 жылда төлеп бітетін. Балаларымның жағдайы үшін осындай ойға келіп отырмын», - деді қала тұрғыны Исатай ТАУМАШЕВ.

Исатайдың айтуынша, 2016 жылы үй кезегіне тұрған. Бірақ ертерек әрекет етпегені үшін аздап, өкініші де бар көрінеді. Алайда, қу тіршілік құжат жинауға мұрсатта бермеген сыңайлы. Бірақ сол уақытта оның алдында 18 мыңнан астам адам үй кезекте болған. Қалай десек те, жалғызбасты әке қайырымды жандардан үміт үзбейді.

Азамат Әуезхан, Сәкен Айткенов, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Новости партнеров