Қаскелең ауруханасында шетінеген үшемнің кенжесі Раянаның
өліміне кінәлілер әлі де анықталған жоқ. Өйткені, сот медициналық
сараптамасының қорытындысы ұзаққа созылған. Ал, істі жүргізіп жатқан
тергеушілер бауыр еті баласынан айырылған ата-ананы әлі күнге
жәбірленуші ретінде танымапты. Тіпті, сараптама жұмыстарына қатыстыруға
рұқсат бермей отыр екен.
Қаскелең қаласының ауруханасында туылған үшемнің кенжесі Раянаның
белгісіз жағдайда көз жұмғанына бір айға жуықтады. Ауыр қайғыдан әрең ес
жиған ата-ана, сәбиінің неден шетінегенін әлі күнге біле алмай жүр.
Раянаның әкесі кенжесінің өліміне қатысты тиісті тергеу жүргізуді сұрап,
Қаскелең қаласының ішкі істер органына арыз жазған. Алайда, істі
жүргізіп жатқан тергеуші Есмағамбетов мырза, сәбиінен айырылған
Ысқақовтарды жәбірленуші ретінде танымапты. Соның кесірінен ата-ана
қызының өліміне қатысты Алматыда жүргізіліп жатқан комиссиялық талдау
сараптамасынан, әрі тергеу барысынан мүлдем бейхабар.
"Следовательге енді мен ходотайство жаздым, 3 ходотайство жаздым.
Чтобы, менің осындай баламның ісі қозғалдыма, қай статьямен қозғалды.
Сосын жаңағыдай екінші ходотайство мені жәбірленуші ретінде есептедіңдер
ме, пострадавщий екенімді есептедіңдерме дедім. И үшіншісі ходотайсво
жаңағы мен қаладағы комиссионныймен танысу керекпін. Мен жаңағы
медицинский справкалардың бәрін білу керекпін,- деп сол жайлы
ходотайство жіберіп едім, бірақ осы уақытқа дейін әлі несі ходотайствосы
қайтпай отыр маған. Әлі жауабы болмай жатыр",- деді Қайрат ЫСҚАҚОВ.
Қаскелеңдік дәрігерлер мәйітке потанатомиялық зерттеу жүргізіп, Раянаны
жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды,- деп анықтама беріпті. Алайда,
ата-анансының бұған сенгісі жоқ. Бар үміті Алматыда жасалып жатқан
комиссиялық сараптаманың қорытындысында. Алайда, ондағылар қыздың әкесін
қатыстырмақ түгілі қақпадан да өткізбейді.
Тергеушінің не себепті Ысқақовтар әулетін жәбірленуші ретінде танымай,
әрі комиссиялық сараптамаға қатысуға рұқсат бермей жүргенін облыстық
ішкі департаментінің берген жауабы керісініше.
"Бұл жерде оны тергеуші шешпейді. Оны сот-медицина орталығы олар
өздері шешеді. Оны тергеуші шешпейді ол жерде. Тергеу барысында
нәрестенің ата-анасы жәбірленуші ретінде танылды. Ол танылды. Тергеуді
жаңағыдай күтіп жатырмыз ғой, экспертиза қалай дайын болады, содан ары
қарай шешім қабылданады процессуалдық",- деді Алматы облысы ІІД баспасөз
қызметінің жетекшісі, Айман МЫРЗЕКОВА.
Алайда, заңгерлер мұндай жағдайда тергеуші бірден қайтыс болған адамның
туыстарының бірін жәбірленуші ретінде тануы тиіс екенін алға тартты.
Соған орай жәбірленуші істің жүргізілуі мен зерттеу нәтижесінен хабардар
болуы қажет екен.
"Сот медициналық сарапшысына немесе басқа да кез-келген сарапшыларға
тергеу амалдары кезінде тергеушінің рұқсатынсыз өзге тараптармен
тілдесуге рұқсат жоқ. Сондықтан, жәбірленушінің сот сараптамасына
қтаысуына тергеуші ғана рұқсат ету қажет",- деді Заңгер, Джохар
УТЕБЕКОВ.
Егер тергеуші жәбірленушіге тиісті жауап қатпай, істі созбақтатса
Ысқақовтар әулеті жоғары органдарға шағымдануға бел буып отыр. Ал,
Раянаның өліміне қатысты Сот медицина орталығында жүргізіліп жатқан
зерттеу нәтижелері тағы бір айдан кейін бірақ шығады.