Алматыда ірі фермерлік базар ашылмақ

19.07.2017 15:27

Алматылықтарға таза табиғи өнім одан әрі қолжетімді болмақ. Осы ретте,шаһарда қыркүйек айында тағы да бір ірі фермерлік базар ашылмақ. Онда көкөніс пен жеміс- жидек құны нарықтық бағадан 20 пайызға арзан болады. Ірі сауда орны мен қаламыздағы жылыжайлардың жәй-күйін Әйкерім Ердәулетқызы көріп қайтты.  

Бұл жылыжайдағы ең соңғы өнімдер қаланың ірі  сауда орталықтарына жіберілуде. Таза табиғи өнім бас-аяғы 12 гектар жерге егіліп, одан 7 мың тонна көкөніс алынған. Оның 2 мың 600 тоннасы қызанақ болса, қаланы қияр екен. Осылайша, Алматы нарығының 10 пайызын қаматамасыз етіп отыр.

«Біздің өніміміздің көлемінің 30 пайызы осы Алматыға тиесілі. Қалған 30-35 пайызы Қазақстанның солтүстік аймақтарына: Астана, Ақмола облысы, Қарағанды облысына жіберіліп отыр. Ішкі нарықтан бөлек 20 пайызы көршілес Ресей еліне жөнелтіліп отыр. Қала әкімідігмен қол қойылған меморандум аясында 30 пайызын  қала беріп отырдық, бұл сұраныстың 10 пайызына жақын»,- деді Жылыжай директорының орынбасары,

«Тірлік мұнымен тоқырамақ емес. Сұраныс артса, тағы да қосымша 8 гектар жерге егін егу жоспарда бар. Қазірдің өзінде 200-ге жуық адам еңбекпен қамтылса, келесі жылы тағы да  жүзге жуық жұмыс орны ашылады. Бастысы бұқараға бағасы арзан әрі сапалы өнімнің жетуі. Айта кетерлігі, дәл осындай таза табиғи өнімдер қыркүйекте ашылатын үшінші көтерме сауда орталығында сатыла бастайды. Өнімдер нарық бағасынан 20 пайызға төмен ұсыналады»,- деді Шәкен БӨЛЕКБАЕВ, Шәкен БӨЛЕКБАЕВ.


Жаздыгүні Алматылықтарды жаңа піскен жеміс-жидек, көкөніспен қамтамасыз ету  еш кедергі келтірмейді. Алайда, жылдың басқа мезгілдерінде қол жетімді бағаны тұрақтандырып тұру оңай емес. Осы орайда, қазір арнайы қоймаларды көбейту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өнімді ұзақ уақыт бойы бұзбай сақтауға замануи тәсілдерді қолданатын боламыз»,- деді Ауылшаруашылығы және ветеринария  басқармасы басшысының орынбасары, Қарлығаш ӘБДІЖАППАРОВА.

Алматы тұрғындарының бір жылдық сұранысы - 750 мың тонна көкөніс пен 400 мың тонна жеміс-жидек екен. Осы ретте, баға тұрақтылығын сақтау үшін апта сайын әр ауданда кем дегенде 300-ге жуық жәрмеңке өткізіледі. Сондай-ақ, жылына еліміздің түкпір- түкпірінен 15 рет ауылшаруашылығы өнімдері жеткізіледі. Жаппай жеңілдік кәсіпкерлерің қалтасын қалыңдатып, жұртшылықты да арзан өнімге қарық қылады.  

Әйкерім Ердәулетқызы, Әсет Құндақбаев, "Алматы" телеарнасы


Теги: овощи