Алматыда жыл соңына дейін мыңға жуық теріс ағымның жетегіне кеткен азаматтарды дәстүрлі дінге қайтару жоспарлануда. Қалалық дін істері басқармасы бүгін қоғамдық кеңес алдында есеп берді. Жауаптылардың айтуынша, өткен жылы 245 адам диструктивті ағымнан шығарылса, биыл үш жүзге жуық азамат оңалту орталығына барып жүр екен. Өз кезегінде қоғамдық кеңес өкілдері дін саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар легін тыңдап, тиісті ұсыныстарын да айтты.
«Жыл басынан бері біз үш жүзден аса адамды қамтыдық. Олар біздің Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының имамдары мен мамандары тартылып, осы азаматтармен әңгімеліп жатыр. Әңгіме барысында олардың қандай қателіктері бар екенін, оның неге қауіпті екенін айту арқылы қайтарып жатыр. Үш жүзден аса адам қазір оңалту орталығына келіп, консультация алды»,-деді Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар ЕСЕНБЕКОВ.