Палау Party: Астананың 20 жылдығына арналған 20 қазан палау

Палау Party: Астананың 20 жылдығына арналған 20 қазан палау
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мерекеге орай Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығы «Палау Party» қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның мақсаты- ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, қоғамдық санасын жаңғырту, этносаралық келісімді және ұлттық бірлікті насихаттау.

Астанадағы «Студенттік» саябағында 4 мың адамға арналып 20 қазанда палау даярланды. Қала тұрғындары мен қонақтарынан бөлек палаудың белгілі бөлігі қалалық қарттар, балалар және мүгедектер үйлеріне жеткізілді.

«Қала күніне орай «Дустлик» қауымдастығы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қайырымдылық шарасын өткізудеміз. Бұл екі бауырлас қазақ-өзбек халқы арасындағы достықтың беріктігінің белгісі. Бүгінгі шараға еліміздің барлық өңірінен аспаздар арнайы келді. 20 жылдық мерейтойға орай, өзіміздің ұлттық, сүйікті тағамымызды сыйға тартуды жөн көрдік. Одан бөлек мерекелік көңіл-күйді көтере түсу үшін белгілі өзбек өнерпаздары қала күніне арналған концерт қоюда.

Әрине біз мереке кезінде, басқа күндері де қарттар, балалар үйіндегі жандарды ұмытпауымыз керек, оларға өзіміз арнайы барып мерекемен құттықтап дәмді тарту еттік», – деді Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов.

Сонымен қатар Астанада 6 шілде күні дүниеге келген 20 сәбиге арнайы сыйлық ұйымдастырылуда. Және де шара шеңберінде қала тұрғындары мен қонақтары Қазақстан өзбектерінің мәдениеті, өнері, тарихи мұрасы, шығыс қонақжайлылығы және ұлттық тағам палауды дайындауымен танысуға мүмкіндік алды.

«Палау Party» аспаздары Қазақстанның барлық облыс, аудандарынан келді, яғни әр өңір бір қазаннан палау дайындауды міндетімізге алдық. Әр қазанда 20 келі күріш бар, ал 20 қазаннан жобамен 4 мың адамға арналған палау әзірледік», – деді Қарағандыдан келген аспаз Бақтияр Ысқақов.


Новости партнеров