Еліміздегі бірнеше әуежайға берешекті өтейтін арнайы терминалдар қойылды

23.06.2017 16:11

Қарыздың қамытын шешу жеңілдеді. Еліміздің Алматы, Астана, Шымкент және Қарағанды қаласы әуежайларында берешекті өтейтін арнайы терминалдар қойылды. Енді шетелге шығуына тосқауыл қойылған кез келген азамат уақыт жоғалтпай, жарты сағат ішінде қарызын өтей алады. Әрі қарай жолы ашық. Жаңа құрылғы тесттік режимде мамыр айында іске қосылған болатын. Дегенмен заңдық тұрғыда шетел асуға тыйым салынған кей адамдар бұл терминалды қолдана алмайды. Әзірге терминал арқылы 2 млн теңге көліменде берешекті өтеуге болады. Мұндай аппарат алдағы уақытта Ақтау қаласында да орнатылмақ.


«Барлық борышкерлер бұл сервисті қолдана алмайды. Олардың ішінде алимент төлеп жатқандар қолдана алмайды және осы терминал арқылы қабылданатын ақшаның шегі бар. Бүгінде 2 000 000 теңге. Бірақ жақын арада Әділет министрлігі осы соманы үлкейтуге тырысады», - деді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми өкілі Олжас РАМАЗАНОВ.


Теги: аэропорт