Пәтерді сатар кезде алаяқтардан сақ болған жөн

Пәтерді сатар кезде алаяқтардан сақ болған жөн
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 200-ге жуық пәтерді иелерінен күштеп тартып алған. Олар тұрғындарға өздерін бизнес-серіктес ретінде таныстырып, сенімдеріне кіреді. Кейін, пәтерлерін кепілдікке қойып, қарызға ақша алдырады. Қазір қарақшыларға алданған 30 шақты адамның бары анықталды. Олар құқық қорғау органдарына арызданыпты. Ізін ала, бір күдікті тұтқындалып, қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр. Алайда, жәбірленушілер бұл бір ғана адамның ісі емес, дейді. 


«Ирина Рыбина қазір жазасын өтеп отыр. Бірақ ол жалғыз жұмыс істеген жоқ. Мұнда нотариустегі қызметкерден бастап, полицейлерге дейін қатысы бар. Мен 2013 жылдан бері арызданып келемін. 4 жылдан бері менің қолымдағы қағаздар жиналғаннан басқа, ештеңе өзгеріп жатқан жоқ», - деді жәбірленуші Елена БУДКИНА.

 

Әділдік іздеп, шарқ ұрған жәбірленушілер өздеріне қорғаушы да жалдаған. Адвокаттардың айтуынша, осы іс бойынша жалғыз ғана Ирина Рыбина қамауға алыныпты. Ол 9 жылға сотталған. Қалған нөкерлері сотта куәгер ретінде түсініктеме берген.


«Негізі, алаяқтар топтаса қылмыс жасаған. Мәселен, бірі өтірік сатып алушы болады, екіншісі нотариусте отырады. Солай кете береді. Олар, үй иесінің артынан пәтерді бір айдың ішінде бірнеше адамға сатып жібереді. Сондықтан баспананы сатқан кезде абай болған жөн», - деді құқық қорғаушы Денис АЛИМБЕКОВ.


Новости партнеров