Павлодарда тағы да оқыс жағдай. 12 жасар бала трамвай астына түсті. Оқиға кешкі уақытта орын алған. Абырой болғанда, трамвай жүргізушісі жеткіншекті байқаған бойда тежегішті басып үлгеріпті. Бала дін аман, ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Павлодарлық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері одан түсінік алды. Полицейлердің айтуынша, жасөспірім кілтін түсіріп алыпты. Кейіннен трамвай келе жатқандықтан күте тұруды шешкен. Ал трамвай жай келе жатқандығын көргенде, үлгеремін деп алмақ болыпты.
«21 қыркүйекте облыстық балалар ауруханасының травмотология бөлімшесіне 2005 жылы туылған ұл бала түсті. Диагнозы - жабық бас сүйек ми жарақаты. Созылған жарақат оң жақ құлақ аясы және оң жақ тізе буындары сырылған. Түскен кездегі жағдайы орта дәрежеде. Өткізіліген емдік шаралардан соң баланың жағдайы тұрақталды», - деді Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат МҰХАМАДИЕВА.