Павлодарда келушілерді соққыға жыққан екі күзетшіге қатысты үкім шықты. Нөмірі 2-ші қалалық қылмыстық соттың судьясы Күлшира Бәкенова, Святославу Комлев пен Ернар Сейтқановтың әрқайсысына 4 жарым жылдан бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Олар жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ күзет қызметінен 5 жылға дейін шеттетілді. Сотта екі айыпталушы да өз кіналарын мойындап, өкінетіндіктерін алға тартқан. Еске сала кетейік, дәмханадағы жанжалға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде өткен жылдың қазан айындада пайда болды. Онда күзет киімін киген үш бірдей ер адам дәмханаға келген екі жігітті аямай соққыға жыққан. Алайда, бұл іске қатысты жәбірленушілер тарапынан шағым түспеген. Сондай-ақ, ешкім медициналық көмек қызметіне жүгінбеген болатын.