Павлодар қаласының ИнЕУ-де үш мың ұстаздың қатысуымен ХІІІ педагогикалық марафон басталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Марафон үш жерде өтіп жатыр: №16 мектепте мектепке дейінгі білім беру, №25 мектепте мектептен тыс мекемелер және ИнЕУ-де мектеп мұғалімдері пікір талас жүргізеді.
«Осында мектеп директорлары, олардың орынбасарлары, ұстаздар, психолог-ұстаздар және әлеуметтік психологтар жиналды. Марафонға қаламыздың үш мыңнан аса ұстаздары қатысады. Олар білім жүйесіндегі мәселелерді талқылап, болашаққа бағдар жасайды. Шараға 568 инновациялық жұмыс қабылданып, олардың 300-і түрлі секцияларда оқылатын болады. Шолпан Нұрахметованың айтуынша, секцияларда білім ордаларының басшылары мастер класстар өткізеді. Әр секцияны ғалым, доктор немесе ғылым кандидаттары басқарады», – деді Білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Нұрахметова.
Шараның басты бөлімінде ИнЕУ-нің профессоры, проректор Аманкелді Бейсембаев, Білім беру бөлімі басшысының орынбасары Людмила Казанцева, №39 және 37 мектеп директорларына сөз беріледі деді әдіскер.
Айта кету керек, педагогикалық оқулар ұстаздар үшін өте маңызды. Аталмыш марафон оларға ұзақ демалыстан кейін алдағы оқу жылына білек сыбана кірісуге көмек береді.