Астананы тағы су басуы мүмкін

23.08.2018 20:21

Астанада жұмадан жексенбіге дейін тағы да қатты жаңбыр жауады.  

«Қазгидромет» ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

«Астана қаласында 24 тамыз күні күндіз және 25 тамыз күні түнде қатты жаңбыр жауады. 24-26 тамыз аралығында найзағай ойнайды деп болжануда, 24 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 24-26 тамыз аралығында күндіз бұршақ жауады», – деп хабарлады синоптиктер.

Ақмола облысының тұрғындарын да осындай ауа райы күтіп тұр.

Айта кетейік, апта басында Астанада бір жарым тәуліктің ішінде бір айлық жауын жауды. Салдарынан қаланың кейбір аудандарын су басып қалды. Кейбір жол бөліктері жабылып, қоғамдық көліктердің бағдары өзгерді.  

Елорда әкімі Әсет Исекешев сәрсенбідегі үкімет отырысында жаңбыр суына қатысты мәселе 2019 жылы шешімін табатынын мәлімдеді.