Алматы облысында 8 жасар қызға қырғидай тиген маскүнемге сот үкім кесті

Алматы облысында 8 жасар қызға қырғидай тиген маскүнемге сот үкім кесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында 8 жасар қызға қырғидай тиген маскүнемге сот үкім кесті. Бүлдіршінді зорламақ болған қылмыскерді 11-ші сынып оқушысы қапыда байқап, сәбиді аман алып қалған болатын. Ал қаскүнемді полицейлер емес, әлгі қыздың туыстары қолға түсірген.

Бұл оқушының ауруханада есіне түскен оқиғаны айтып берген сәті. Бейне жазбаны көпке көрсетуге туыстары рұқсат берген жоқ. Екі көзі, бет аузы көгеріп кеткеніне қарап, бүлдіршіннің бір ажалдан аман қалғанын сол кезде біздің түсірілім топ көз жеткізген еді. 15 сәуірден бастап Түрген ауылы түгел үрейде.                      

«Оқиға болғаннан кейін, менің көршім екендігін білдім. Оған дейін мен оны көргенде жоқпын. Сондай адамдарды құрту керек. Мен оны балтамен шауып тастайын дегем. Елдер жібермеді. Кім ол? Не құжаты жоқ. Не тіркеуі жоқ», - деді   жәбірленушінің атасы Халид ТАТАЕВ.

32 жастағы күдіктіні зәбір көрген қыз баланың туыстары желкелеп алып, тәртіп сақшыларының қолына тапсырған. Елді шулатқан оқиға орнын қазір тұрғындар айналып өтеді. 2-ші сыныпта оқитын қыз баланы көпірден лақытырып жіберіп, тепкінің астына алған маскүнемге 11-ші сынып оқушысы қарсы келіп, сәбидің ажалына араша болған.

«Атпен түсіп келе жатыр едім, қыз жүгіріп келіп айтты. Қыз «көмектесіңдер» деп жылады. Анау қызды жіберді де өзі былай қарай қашты. Сөйтіп ана жақтан төмен түстім де қызды алып,  мына жерден сумкасын алып, үйіне қарай бардық», - деді  куәгер Тимур ЖАМАЛДИНОВ.

Әр түрлі дене жарақаттарын алған қыз баланың жағдайы қазір де мәз емес көрінеді. Атасының айтуы бойынша, бастапқыда немересі ұйқыдан айырылған. Беті бері қарағанымен алда әлі псхологтармен талай жұмыс бар дейді олар.

«27-сі сотқа келгенде, күдіктіні сотта көріп, қайтадан міне түнімен ұйықтамай жатыр. Жағдайы сондай. Қазір үйде, дәрігерге апарамыз, анда-санда дәрігер келіп  қарайды», - деді жәбірленушінің атасы Халид ТАТАЕВ.

Дүйім жұртты аландатқан қылмыстық іске сот нүкте қойды. Ал жәбірленуші тарап үкіммен толық келісеміз деп отыр.

Енді 52 жасқа келіп бірақ түрмеден босап шығатын қылмыскер сот үкімін естігенде де міз бақпай салқындылық танытты. Дегенмен, бикүнә сәбиді зорламаққа әрекет еткен оның темір тордың арғы жағындағы өмірі бұрынғыдан алансыз болмайтыны айдан анық.

Нұрсұлтан Біләл, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров